Баянауылда туристердің саны артады деп күтілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдын ала есептеу бойынша, Баянауыл ұлттық паркінің курорттық аймағына алдағы жазда 300 мыңға жуық қонақ барады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлім етті.

Коронавирус пандемиясы салдарынан халықаралық туристік ағынның қысқаруына байланысты осы жазда Павлодар облысында өткен жылға қарағанда туристерді көбірек қабылдауға дайындалуда. Журналистермен болған кездесуде өңір басшысы жақында Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерін аралап көргенін,бірақ көптеген жағажайларда туристер үшін қарапайым жағдай да жасалмағанын айтты. 
Қазір құзыретті басқармалар, Баянауыл ауданының басшылығы және менің туризмге жауапты орынбасарым курорттық аймақты дамыту жоспарын дайындауда. Жоспардың басты міндеті-туристердің негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру.  Қонақтарға ыңғайлы болуы керек. Яғни, оларға жақын жерде душ қабылдау орындары, әжетханалар, киім ауыстыратын кабинкалар, сауда орындары, банкоматтар, ақпараттық стендтер және т.б. болуы тиіс, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов.
Биылғы жылы курорттық аймақта 30 километрге жуық жолға асфальт төселеді, 13,5 километр электр желісі және 52 километрге жуық су құбыры салынады. Жазғы маусымның ашылуына дейін Баянауылда Әулие бұлақ пен Қоңыр әулие үңгірі аумақтарын абаттандыру жұмыстары басталды. Сондай-ақ, Торайғыр ауылынан көл жағажайына және Қоңыр әулие үңгіріне дейін жол салынуда.
Бұрын ол жерде асфальтталған жол болған жоқ. Біздің міндет-жол инфрақұрылымын өткізу. Бұл бизнеске жасалған жағдай және жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары. Сайып келгенде біздің стратегиялық мақсатымыз-туристік бизнес тарапынан мәдениет пен сервисті арттыру, - деп атап өтті Павлодар облысының әкімі.
Өткен жылы Баянауылда 160 мыңға жуық адам демалса, алдағы жазда 300 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде. Ақша жүзінде жазғы маусым аяқталғаннан кейін экономикалық тиімділік 1,3 миллиард теңгеге жуық соманы құрамақ.

Ұлттық табиғи парк аумағында қысқы туризмді де дамыту жоспарланып отыр. Алайда Павлодар облысының билігі алдымен қолда бар инфрақұрылымның дайындығын сараптап алмақ.

Сонымен қатар Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, туристердің қауіпсіздігі мен қысқы уақытта сапалы қызмет көрсету мәселелерін шешу қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы