"Баянауыл" ұлттық табиғи паркінде өртті ерте анықтау жүйелері орнатылады
Келесі жылы "Баянауыл" ұлттық табиғи паркінің аумағында өрттерді ерте анықтау жүйелері орнатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Тиісті жұмыстар елімізде орман шаруашылығын дамыту саясаты аясында жүргізіледі.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Түлепбаевтің айтуынша, өңірлік әкімдіктің қарамағындағы үш орман шаруашылығы мекемелерінде де тәулік бойы жұмыс істейтін бейнекамералар орнатылады.
Бұған 218 млн теңге бөлінеді. Бас-аяғы 13 құрылғы орнатылады. Құрылғы мұнаралардың басына қойылады. Заманауи камералар аумақты онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Камералардағы тепловизорлар өрттің пайда болуын бірден анықтайды. Сәйкесінше, оқиға орнына арнайы техника жіберіліп, күрес жұмыстарын қолға алады. Құрылғылардың нақты саны зерттеу қорытындысынан кейін анықталады. Сонымен қатар, техникалық құжаттама әзіленеді, - дейді Руслан Түлепбаев.
Сала мамандарының айтуынша, «Ертіс орманы» резерватына 23 камера орнату үшін республикалық бюджеттен 2 млрд теңгеге жуық бөлінген. Бір мұнараның биіктігі 30 метрді құрайды. Бүгінгі таңда заманауи құралдар тиімділігін көрсетіп үлгерді.
Айта кетейік, биыл «Ертіс орманы» резерваты аумағында алдағы бес жылға ағаш отауға мараторий жарияланды. Осы уақыт аралығында тек санитарлық ағаш кесуге рұқсат етіледі. Ал өзге орман шаруашылығы мекемелерінде тыйым салу шаралары қолданысқа енгізілмейді.