"Баянауыл" ұлттық паркінде қарақұрттарды жинау жұмыстары басталды

«Баянауыл» ұлттық паркінің аумағында қарақұрттар пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында парктің ғылыми топ мүшелері жәндіктерді жинау жұмыстарын бастады. Баста мақсат – қарақұрттардың таралып кетуіне жол бермеу.

Парк директоры Аждар Жүсіповтің хабарлауынша, жәндіктердің аналықтары мен жұмыртқалары жиналып, кейін жойылады.

Осы күнге дейін мамандар 80-нен астам жұмыртқа пен 20-ға жуық өрмекші аналығы жиналды. Қазіргі уақытта адамдарды шағу деректері тіркелген жоқ. Жалпы, ұлттық паркі аумағында жәндіктерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған. Сондықтан, зиянды өрмекшілерге қарсы шараларды мамандар өздері жүргізеді. Қарақұрттың өзі парктің аумағында бір жерде ғана кездеседі. Нақтырақ айтқанда, Торайғыр көлінің жағасында, тастардың астында жүреді. Қолымыздан келген шаралардың барлығын атқарып жатырмыз, - дейді ұлттық парк директоры Аждар Жүсіпов.

Энтамологтардың айтуынша, буынаяқтылардың бір ұяшығында 40-50 жұмыртқа кездесуі мүмкін. Қарақұрттардың аналығы ғана қауіпті. Ол аталық тұқымдасқа қарағанда әлдеқайда үлкен болып келеді. Сондықтан, «қара жесір» деп аталып кеткен

Өткен жылы Жасыбай бөлімінің алтыншы орамында қарақұрттарды іздеп, жойды. Нәтижесінде мың жарым жұмыртқа ошағы жойылды. Сонымен қатар, жәндіктің 400-ге жуық аналығы арнайы құртылды. Ал бір ошақта жүздеген тұқым болуы мүмкін, - дейді ұлттық парктің ғылыми қызметкерлері.

Еске сала кетейік, қарақұрттар өңірге Солтүстік, Солтүстік Шығыс облыстардың аумағына түрлі жолдармен келген. Соңғы рет 15 жыл бұрын Павлодар облысында қарақұрттардың күрт көбеюі байқалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Баянауыл ұлттық паркі
Өзгелердің жаңалығы