2 Тамыз 2026, 18:52
Фото: pixabay.com
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті шықты
Жасыбай орманшылығында шыққан өртті сөндіруге ұлттық парк пен ТЖД күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына қосымша мамандар мен Ми-8 тікұшағы жіберілді.
Павлодар облысындағы «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай орманшылығында орман өрті тіркелді.
Қазір тілсіз жауды сөндіруге ұлттық парктің және ТЖД-ның қызметкерлері жұмылдырылған. Қосымша күш ретінде 18 маман, 5 техника және Ми-8 тікұшағы тартылуда.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі жағдай тұрақты бақылауда екенін мәлімдеді.