Баянауыл табиғи паркіндегі өртті сөндіруге 2 тікұшақ, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды
Павлодар облысының әкімі Асайын Байқанов Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өртті сөндіруге 310 адам, 51 арнайы техника, 2 тікұшақ, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеше шұғыл түрде дала өртінің Қарағанды облысынан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ормансыз аумағына өткен Баянауыл ауданына бардым. Өрт шалған жердің аумағы шамамен 6 мың га. Жағдай қалың өскен шөптердің және 12-15 м/с екпінді желдің салдарынан күрделенуде, - деп жазды облыс басшысы.
Асайын Байқанов өрт ошақтарын жою орнында өңірлік жедел штабтың отырысын өткізген.
Өрт ошақтарын жою орнында өңірлік жедел штабтың отырысын өткіздім. Тілсіз жаумен күресуге барлық қажетті күштер тартылды: 310 адам, 51 арнайы техника, 2 тікұшақ, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) жұмыс істеуде, - деді ол.
Әкім өртті сөндіру жалғасын жатқанын айтады.
Қазіргі уақытта өрт оқшауланды, өртті сөндіру жалғасып жатыр. Өңірде құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Мұндай өрттердің негізгі себептерінің бірі - шөп шабу кезінде қолданылатын техникалардағы ұшқын сөндіргіш құрылғылардың істемеуі. Сондықтан, барлық шаруа қожалықтарынан міндетті түрде ұшқын сөндіргіш құрылғылар болуы тиіс қолданыстағы техникаларды тексеруді, сондай-ақ, өз шаруашылықтары мен үйлерінің, әсіресе, шөп қоры сақталатын орындардың айналасын уақытында жыртуды сұраймын, - деді әкім.