Баянауыл қорығынан өрт шықты
Бұл туралы Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
6 шілдеде сағат 16.10-да 112 пультіне Баянауыл ауданында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы ашық аумақта 2 га болжамды алаңда құрғақ шөптер мен бұталардың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге ТЖД 6 қызметкер мен бір бірлік техника, орман шаруашылығынан 23 адам мен 7 бірлік техника, сондай-ақ бір авиаборт жұмылдырылды.
Қатты жел өртті сөндіруге қиындық туғызуда. Елді мекендерге қауіп және зардап шеккендер жоқ.
Жанудың алдын ала себебі найзағай разряды.
Павлодар облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Цукерберг жаңа әлеуметтік желіні іске қосты
Өзгелердің жаңалығы