Баянауыл ауданына тартылған ауызсу құбырлары неге іске қосылмай тұр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуі кезінде жауап берді.

Баянауыл аумағындағы жеті ауылға ауызсу құбыры тартылып, ақшасы мердігерге толық төленіп қойған. Бірақ бірде-бірінде әлі су жоқ. Жергілікті билік су 15 маусымда келеді деп сендірген. Алайда сол күні жүйе іске қосылмады. Ақсан, Майқайың, Баянауылдың орталығында су беретін кәсіпорындарды сенімді басқаруына арналған фирмалар қызмет көрсетуден бас тартамыз деп өтініш беріп тастаған. Бұл мәселе енді қалай шешіледі? - деген сауал қойылды тілші тарапынан. 

Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының Баянауыл ауданында былтыр басталған ауызсу тарту жобалары әлі іске қосылмағанан растады. Аудан әкімінің мәліметі бойынша олар шілде айында іске қосылуы тиіс. Жұмыстардың кешеуілдеуіне Баянауылдың тасты жерде орналасқаны себеп болған.

Мердігерлер жұмысы осы себепті уақытылы аяқталмай қалды. Жұмыс кестеге сай болмағандықтан, әкімдік тарапынан бақылау күшейтілді. Ал қазіргі күні Баянауылда сумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін коммуналдық шаруашылық бар. Ол аудан орталығын сумен толықтай қамтамасыз етіп отыр. Майқайың кентінде проблема болды. Оны шешу үшін Екібастұз су арнасы кентті сумен қамтамасыз етуді өз жауапкершілігіне алды, - деп жауап берді Әбілқайыр Сқақов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы