Баян-Өлгий аймағында 6 тәулікке карантин жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның қазақтар қоныстанған аймағы Баян-Өлгийде 2 күннен бері 6 тәулікке карантин жарияланды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның қазақтар қоныстанған аймағы Баян-Өлгийде 2 күннен бері 6 күндік карантин жарияланды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауына қарағанда, 28 сәуір күні Баян-Өлгий аймағына қарасты Ногоонуур ауданының Ақкөл қалашығында белгісіз аурумен екі адам сырқаттанады. Ерлі-зайыптылар 1 мамыр күні таңға жуық қайтыс болған.
Сырқаттардың неден қайтыс болғанын тексеру барысында олар оба ауруымен ауырғаны анықталды.
Осыған байланысты 1 мамыр күні таңғы сағат 6-дан бастап өңірде 6 тәуліктік карантин жарияланды.
Қазіргі кезде Баян-Өлгий аймағының Өлгий қаласына кірретін, шығатын барлық қозғалысқа шектеу қойылған. Сонымен қатар, Ресей мен Моңғолия арасындағы Ташанта-Қызыл үй шекаралық тексеру-өткізу бекеті де уақытша жабылды.
«Қазіргі уақытта оба (суыр дерті – ред.) ауруынан қайтыс болған екі адамнан басқа сырқат тіркелген жоқ. Бұл ауамен емес без арқылы жұғатын түрі. Яғни, сырқаттанған адамға байланыс жасаған, қарым-қатынаста болған адамдар ауыруы мүмкін. Сонымен қатар, сілекей арқылы, қан арқылы жұғатын түрі» - деп жазады жергілікті БАҚ.
Қазіргі таңда Баян-Өлгийдегі жағдай қалыпты, карантин әлі алынған жоқ. Шекара да жұмыс істемейді.- Несие алатындар үшін маңызды өзгерістер: Тоқаевқа қаржы нарығы бойынша есеп берілді 15:04
- Бес метр биіктіктен құлаған: Науқастың бас сүйегінің бір бөлігіне 3D-протез салынды 15:03
- Ауыл шаруашылығы дақылдарынан 6,3 млн тоннадан астам өнім жиналды 14:45
- Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй аукционға шығарылды 14:33
- Елімізде 13,5 млн тонна астық бастырылды 14:25
- Қазақстанда кітапхана саласын цифрландыратын LABA платформасы іске қосылды 14:10
- Қазақстан статистикасы ЭЫДҰ сарапшыларын таңғалдырды 13:51