Баян-Өлгийде Қазақстанның білім күндері өтеді
Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың 22-23 наурыз күндері Монғолия Республикасы, Баян-Өлгий жерінде «Қазақстан білім күндері» - Халықаралық білім көрмесі өтеді. Бұл туралы "Болашақ" ХБО баспасөз қызметі хабарлады.
Көрмеге Қазақ елінің 30-ға жуық үздік оқу орындары, атап айтсақ: Назарбаев Университеті, Сүлеймен Демирел атындағы халықаралық университет, Қазақ мемлекеттік медициналық университет т.б. Қазақстанда үздік сапада білім беріп отырған университеттер бар.Бүгінгі таңда Қазақстан – Орталық Азиядағы білім хабына айналу мақсатында көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстандық университеттердің мұндай үлкен «білім хабына» айналу мүмкіндігі де, сапасы мен әл-ауқаты да жеткілікті екендігін айта кеткен жөн. Бұл орайда, Қазақстанда білім алудың бірнеше артықшылығы бар:
• Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқу стипендияларын жеңіп алу мүмкіндіктері
• 2 дипломдық оқу бағдарламасы
• Жоғары білімнің қолжетімділігі
• Заманауи білім беру технологиялары
Орталық Азиядағы ең мықты оқу орнының студенті атанғыңыз келсе, ағылшын, орыс, қазақ тілдерін таңдай отырып, қалаған тіліңізде білім алам десеңіз, Қазақстандық университет өкілдерінен тікелей кеңес алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, көрме 22-23 наурыз, сағат 10-18:00-ге дейін, «Махсум» қонақүйінде өтетін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Орталық мемлекеттік архив қызметкерлері ағаш отырғызды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы