Баян-Өлгийде кешкі кітапхана жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баян-Өлгий аймағындағы Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапхана бұдан былай кешкі уақытта да жұмыс істейтін болады.

Нақтырақ айтқанда таңғы 08:00-ден бастап кешкі 21:00-ге дейін тоқтаусыз жұмыс істейді. Сонымен қатар демалыс күндері білім ордасы 11:00-15:00 аралығында үзіліссіз қызмет көрсететін болады.

Бұл тұрғындардың кітапхана қорын пайдалануына, бос уақыттарын тиімді өткізуіне негізделіп жасалған. Кітапхананың кешкі ауысыммен жұмыс істеуіне бейімделіп арнайы кітапхана қызметкерлері дайындалды.

Кітапхана басшылығының айтуына қарағанда бұл тәжірибе ретінде қолға алынған. 

2020 жылдың маусымына дейін осылай жасап көреміз. Егер нәтижелі болып, кешкі уақытта оқырман саны көп болатын болса, болашақта кітапхана жұмысы осы режім бойынша жүрілетін болады - дейді кітапханашылар.

Айта кетейік, жақында ғана Баян-Өлгий орталық кітапханасы 90 жылдығын атап өткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы