Байқоңыр ауданында жастарға арналған орталықтар ашылады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов Жастар жылы аясында ауданда іске асырылатын жобаларды атады.

Бүгінде ауданда 200 мың адам тұрады. Оның 50 мыңы – жастар.

«Біріншіден, Жастар жылы аясында аудандық және қалалық маңызы бар кешенді жобалар өте қажет. Екіншіден, жастардың осал топтары мен қызығушылықтарына бағытталған ірі жобалар жасауға назар аудару керек. Үшіншіден, қалада, оның ішінде біздің ауданымызда ұйымдаспаған, яғни өз-өздеріне жұмыс тауып, тұрақты жұмыстары жоқ, оқу орындарына қатысы жоқ жастардың саны жетерлік. Бұл жастардың саны 30 пайыз құрайды, 15 мың. Олар да жастар, ауданымыздың қаламыздың тұрғындары. Оларға да жүйелі көңіл бөліп, олармен жұмыс жасауға бағытталған жобаларды бірлесе отырып қалыптастыруымыз керек», - деді Каналимов.

Әкім ауданның әлеуеті өте жоғары және жан-жақты екенін, осыған орай әкімшілік әлеуетін жастарға бағытталған жобалар арқылы көрсете білу қажет екенін айтты. Осы орайда ол аудандық деңгейде «Жастар Отанға» атты көшбасшы жобаны ұсынды.

«Біріншіден, Жастар жылы аясында Байқоңыр ауданына қарасты жастар орталығын ашуды ұсынамыз. Екіншіден, қазіргі қоғам жаңашылдыққа негізделген. Сол себепті ауданға қарасты әр саладағы жастарды бір ортаға жинайтын коворкинг орталығын ашу. «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорымен бірлесе отырып жас кәсіпкерлерді қолдау орталығын құруды ұсынамыз. ХХІ ғасыр – технология ғасыры. Байқоңыр ауданына қарасты Сауда-экономикалық және т.б. колледжер аясында жастарға тегін IT орталығын ашуды ұсынамыз», - деді аудан әкімі.

Каналимов аудан жастарымен еркін форматта жастар лагерін құруды ұйымдастыруды ұсынды.

«Студент жастар арасында стартап конкурстар ұйымдастыру және оларға қолдау көрсету; мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау бойынша бірқатар жобаларды құру; жастар арасында шығармашылықты дамыту аясында спорттық, интеллектуалдық бастамаларды ұйымдастыру; «Рухани жаңғыру» аясында арнайы аудиторияда, мектептер балалар үйі, әскери мекемелерде жастарға құндылықтар туралы арнайы дәрістер, сұхбаттар, кездесулер ұйымдастыруды; осал топтағы жастармен жұмыс кешенін ұйымдастыруды тапсырамын. Мұндай жұмысар жастар жылы аясында Байқоңыр ауданында атқарылатын жұмыстардың маңыздылығын арттыра түседі»,

Бұл ретте Байқоңыр ауданы әкімдігі, басшылығы, мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер ұйымы, т.б қоғамдық ұйымдар жастармен әрқашан тығыз жұмыс жасап, диалог орнатуға дайын екенін жеткізді.

Айта кестек, бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының Байқоңыр аудандық филиалы Ерлан Каналимовтың қатысуымен «Жастар жылы – 2019: Жас. Жалын. Жаңғыру» атты тақырыпта отырыс өткізді.

Назерке АБИБУЛЛА 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы