Баварияда ер адам пышақпен үш полицейге шабуыл жасады
Германияда полиция өзін-өзі қорғау кезінде ер адамды атып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Баварияның Лауф ан дер Пегниц қаласында ирандық азамат полицияға пышақпен шабуыл жасады. Тәртіп сақшылары шабуыл жасаған адамды атып тастады.
Bild басылымының хабарлауынша, оқиға вокзал маңында полиция көліктен түскен кезде болған. Шабуыл алдында ер адамның қарсыластарын балағаттап, арандатқаны атап өтілген. Содан кейін полиция бұрыш спрейін қолдануға мәжбүр болған.
Белгілі болғандай, депортациясын кейінге қалдырған ирандық екі офицерді пышақтап тастамақ болған. Полицей әйел алдымен ескерту жасап, сосын шабуылдаушыға оқ атқан. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда өзін-өзі тапаншамен атқан полицей қайтыс болды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы