"Бауыздаймын деп қорқытқан". Фируза Шәріпованың анасына шабуыл жасалды

Атақты спортшы Фируза Шәріпова анасына қарашылық шабуыл қалай жасалғанын, оның қазіргі жағдайы қандай екенін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 13 маусымда Таразда спортшының анасына қарақшылық шабуыл жасалды. Ер адам әйелді тонамақ болған екен. Шәріпова аталған оқиғадан кейін қатты алаулы екенін айтты.

Кеше жаттығудан келсем, анам хабарласты. Ол мені уайымдатқысы келмеген. Дегенмен шабуыл жасалғанын айтып берді. Бұл оқиға сейсенбі күні таңда болған. Ол сіңлім екеуі аулада кетіп бара жатқан. Қасына ер адам жақындап, жұдырықпен бір ұрып, мойнындағы алқасын жұлып алған. Онымен қоса сіңлімді бауыздаймын деп қорқытқан. Әрине, отбасым бірден полицияға жүгінді. Анам түнгі бірге дейін полиция бөлімшесінде болды. Қарақшы бірден ұсталып, зергерлік бұйымдары қайтарылды. Енді сот отырысы болады. Шынымды айтсам, мен шок болдым! Сүйікті қалам Таразда, жалпы қазіргі заманда мұндай болады деп күтпедім. Барлық жерде камера тұр. Сонда да адамдар қылмыс жасаудан тайсалмайды. Бұл оқиға еңсемді түсірді. Бір қуантарлығы, анамның жағдайы жақсы. Алайда алыста болып, еш көмек жасай алмағаныма өкінішім бар, - деді Шәріпова.

Қазір Шәріпова Санкт-Петербург қаласында WBC Silver титулына алу үшін жекпе-жекке дайындалып жатыр. Ол Тараз қаласында шілде айында болады деп күтілуде. Айта кетейік, Шәріпованың 11 жастағы сіңлісі Русалина Шәріпова да осы турнирде өнер көрсетеді. Ол WBC медаліне қол жеткізу үшін бағын сынап көреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Севара Шәріпованың Instagram парақшасынан
Өзгелердің жаңалығы