Бауыржан Сыздықов қызметінен кетті
Бауыржан Сыздықов ТЖ вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов басқа қызметке ауысуына байланысты төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сыздықов Бауыржан Мәдіұлы 1973 жылғы 14 маусымда Шымкент облысы Бөген ауданы Задарья ауылында дүниеге келген.
2000 жылы Қазақ Мемлекеттік медициналық университетін бітірген, гигиенист-эпидемиолог дәрігері, 2010 жылы Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясын бітірген, «командалық-штабтық оперативті-тактикалық азаматтық қорғаныс» мамандығы бойынша басқару саласындағы маманы, 2019 жылы Мәскеу қаласындағы «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін , Құқықтану магистрі, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ұлттық қорғаныс университеті бітірген.
2001-2006 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар басқармасының аға офицері.
2006-2010 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті халық пен аумақты қорғау, азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы.
2010-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше ждағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті халық пен аумақты қорғау басқармасының бастығы.
2012-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше ждағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2015-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2019-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2020 жылғы желтоқсан айынан бастап 2023 жылғы тамыз айына дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы.
2023 жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін атқарып келді.