Бауыржан Байбек Твиттерде алғашқы жазбасын жариялады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Байыржан Байбек Тwitter әлеуметтік желісіне тіркеліп, өзінің алғашқы жазбасын жариялады.
Шаһар басшысы твиттерде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ақорданың парақшасына жазылған.
Қала әкімі өзінің алғашқы жазбасын 8 сәуір күні таңертең жариялады.
«Бүгін біз қаланың Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бірқатар маңызды мәселелерді, оның ішінде туризмді дамыту және Алматының ашық бюджетін жаңаша қалыптастыру мәселелерін талқылаймыз», - деп жазды Бауыржан Байбек.
Наурыз айының соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімдері мен республикалық маңызға ие қала басшыларымен кездесу барысында шенеуніктерге әлеуметтік желі арқылы жұртшылықпен тығыз қатынаста жұмыс істеу керектігін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы