Бауыржан Байбек: 96 азамат жемқорлық жасағаны үшін партия қатарынан шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Нұр-Отан" партиясы партияішілік тәртіпті күшейту бойынша принципшіл позиция ұстанады. Бүгін партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 96 партия мүшесі сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін партия қатарынан шығарылғанын айтты.
Бұл туралы ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тәуелсіздік сарайында өткен алқа отырысында мәлімдеді.
Осы жылғы сәуір-мамыр айларында партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті электоратты құрайтын кандидаттарды таңдау бойынша партияішілік праймериз өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, "Нұр-Отан" партиясы партияішілік тәртіпті күшейту бойынша принципшіл позиция ұстанады. 2019 жылдың екінші жартыжылдығында ғана 96 партия мүшесі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін партия қатарынан шығарылды, – деді партия басшысының орынбасары Бауыржан Байбек.
Осы бағыттағы жүйелі жұмыс жалғасатын болады. Оның айтуынша, еліміздегі жетекші партия халықпен кері байланыс арналарын орнатуға ерекше назар аударып отыр.
Партияның мүшелері 617 аккаунт ашып, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізуде.
Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес мүшелеріне әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, өз жұмысын жүйелі түрде жариялау міндеті тапсырылды. Бұл халықпен кері байланыс арналарын орнатуға мүмкіндік береді. Уақыт талабы – осы. Бүгінгі күні жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық және аймақтық кеңестердің барлық басшылары 617 аккаунт ашып, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізуде. Партияның қоғамдық қабылдауларымен өзара тығыз қарым-қатынас орнатылды, – деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Ол кеңестердің жұмысы барынша ашық және жария болуына аса мән беріп отыр.
Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке жедел желі ашылып, азаматтардың шағымдарына әрекет етудің нақты алгоритмі жасалған.
Жедел желі арқылы арыз-шағымдар жемқорлық тәуекелдерін және мемлекеттік органдардың жұмысындағы сын-тегеуріндерді талдау үшін тіркелді. Жұмыс нәтиже беру үшін біз аналитикалық және мониторингтік қызметті жақсарттық. Бұл әр түрлі саладағы парақорлық пен жемқорлық көріністерінің себептері мен фокторларын нақты бағалауға көмектеседі, – деп түйіндеді өз сөзін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда еріктілер қарияның қар басқан үйін тазалады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы