Батыс Қазақстаннан 250-ден аса бала пойыз арқылы лагерлерге жеткізілді

"Жолаушылар тасымалы" АҚ су тасқыны қаупі бар аймақтардан балаларды тасымалдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық тасымалдаушы Батыс Қазақстан облысының су басқан аймақтарынан 250-ден астам баланы №8 "Орал-Алматы",№34 "Ақтөбе-Алматы" және №34 "Ақтөбе-Шымкент" бағыттары бойынша балаларды сауықтыру лагерлеріне жеткізді.

Бұл шара Оқу-ағарту министрлігінің өтініші бойынша ұйымдастырылып, мамырдың бірінші онкүндігіне дейін жалғасады. Жалпы алғанда, 500-ден астам баланы Қазақстанның түрлі өңірлеріне тасымалдау жоспарлануда. Балаларды сауықтыру лагерлері Алматы, Шымкент, Тараз, Қостанай, Павлодар, Қонаев, Бурабай және Балқаш қалаларында орналасқан.

Айта кетейік, ұлттық тасымалдаушы су тасқыны қаупі бар аймақтан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдап, күн сайын тұрғындарды эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы