11 Маусым 2026, 21:11
Фото: polisia.kz
Батыс Қазақстанда жұмысындағы сейфтен ақша ұрлаған күзетші ұсталды
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Оралда полиция қызметкерлері ұйымдардың бірінде болған ұрлық қылмысын ашты.
Анықталғандай, түнгі уақытта ұйымның қызметтік бөлмесінде орналасқан сейфтен 250 мың теңге көлеміндегі ақша ұрланған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол аталған нысанның 41 жастағы күзет қызметкері болып шықты.
Алдын ала мәлімет бойынша күдікті сейфті кілтті іріктеу арқылы ашқан. Ұрланған ақшаның бір бөлігі тәркіленді. Ұрлық жасаған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бұл оқиғаның мән-жайын және күдіктінің жеке басын жедел анықтауға мүмкіндік берді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
- Қарағанды облысында тауда адасып қалған ерлі-зайыпты аман-есен табылды 08:11
- Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өсті: ХЕҰ негізгі себептерді атады 07:50
- Қазақстан мұнайына қауіп сейіле ме? Сарапшылар АҚШ пен Украина келісімін бағалады 07:30
- Солтүстік Корея ұшырған баллистикалық зымыран Жапон теңізіне құлады 07:17
- Қызылорда облысында қызанақты қайта өңдейтін зауыт салынады 06:40
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 250-ден асты 05:25
- Мектеп рюкзагын таңдағанда ата-аналар неге мән беруі керек? ДСМ жауап берді 04:19