Батыс Қазақстанда құтқарушылар жарылыстың алдын алды

Батыс Қазақстанда өрт сөндірушілер өрттен 3 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, кезекшінің пультіне Батыс Қазақстан облысы Теректі ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылысының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жедел бағытталып келген өрт сөндірушілер 3 газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды. Құтқарушылардың уақытылы қабылданған шараларының арқасында өрт сәтті сөндірілді, - деп атап өтті ведомстводан.

Өрттен ешкімнің зардап шекпегені айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы