Батыс Қазақстанда қойма өртке оранды

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичурино кентінде қойма өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, тас төсеніштерін жасауға арналған жеке тұрған ангар үлгісіндегі қоймадан өрт шыққан.

Аумағы 300 шаршы метр қойманың төбесі өртенген. Оны сөндіру екінші ранг бойынша жүргізілді. «Тілсіз жау» сағат 21.05-те оқшауланып, 21.31-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Оны сөндіруге жеке құрамнан 37 адам, 11 техника жұмылдырылды, - деп хабарлады ведомстводан.

Өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт 300 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы