Батыс Қазақстанда екі қабанды атып алған ер адам қолға түсті

Батыс Қазақстан облысында заңсыз аң аулау дерегі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы заңсыз аң аулау фактісін әшкереледі.

Жуырда түнгі уақытта Үлкен Шаған – Переметное тас жолының 15-шақырымында Орал қаласының 53 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында салоннан екі қабанның төс еті, 7 дана оқ-дәрі, екі пышақ және бір балта табылып, тәркіленді. Көлік айып тұрағына қойылды. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы