Батыс Қазақстанда алдын ала эвакуациялау жүргізілуде
Батыс Қазақстанда алдын ала эвакуация жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өзендерде су деңгейінің көтерілуіне байланысты қала маңында орналасқан «1 саяжай» және 2 саяжай» бау-бақша серіктестіктеріндегі тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады. Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен тұрғындарға бірнеше күн бойы ескерту парақшалары және хабарламалар жүргізілген болатын, - делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.
Кейбір тұрғындар эвакуациялық пункттерге немесе туыстарына орналастырылғаны белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы