Батыс Қазақстанда 6 жасар бала қоршауға қыстырылып қалды
Батыс Қазақстан облысында 6 жасар бала металл қоршауға қыстырылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 тамыз күні Теректі ауданы Юбилейный ауылында болды.
Сағат 17.19-да 2017 жылғы баланың металл қоршауға қыстырылып қалғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел құтқару жасағының құтқарушылары балақайдың үй маңындағы қоршаудан шыға алмай тұрғанын көреді. Құтқарушылар алдымен оны сабырға шақырып, содан кейін арнайы құралдардың көмегімен металл қоршаудан алып шығып, ата-анасына табыстады, - деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында 7 жасар баланы ит талап тастады
Өзгелердің жаңалығы