Батыс Қазақстанда 21 тонна химиялық сұйықтық тиеген жүк көлігі аударылды

Батыс Қазақстан облысында қауіпті зат – тетрагидрофуранның ағып кетуін болдырмады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Бәйтерек ауданында Беларусь Республикасының 21 тонна химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып, бір жағына қисайып құлап кеткен. Нәтижесінде сұйықтығы бар ыдыстар аударылған, бірақ сұйықтық сыртқа төгілмеген.

ТЖМ қызметкерлері ағып кету қаупі мен халық пен қоршаған ортаға төнетін қауіпті тексерді. Радиациялық-химиялық қызмет оның ауадағы шоғырлануын өлшеді. Қатер табылмады. Сондай-ақ жүк көлігінің жүргізушісіне жүкті қауіпсіз тиеуге және жүкті одан әрі тасымалдауға көмектесті, - делінген хабарламада.

Операция сәтті аяқталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы