Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы заңсыз берілген жер телімдерін анықтады

Батыс Қазақстан облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы тексеру барысында заңсыз берілген жер телімдерін анықтады.

Бәйтерек ауданында жалпы ауданы 45,9 гектар жер телімдері бау-бақша және саяжай құрылысына сатып алу құқығымен азаматтардың жеке меншігіне заңсыз берілген.

Учаскені жеке меншікке беру кезінде белгіленген төлемнің базалық мөлшерлемесі негізсіз төмендетілгені, осылайша учаскелер 1,1 млн теңге көлемінде төмен бағамен сатылғаны анықталды, ал нақты бағасы 107,3 млн теңгені құрады.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығына қатысты қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармақ) жүргізді.

Қылмыстық іс аудандық сотқа жіберілді.

2024 жылдың 16 қыркүйегінде сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы талап толығымен қанағаттандырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы
Өзгелердің жаңалығы