Батыс Қазақстан облысының бюджеті 634 млрд теңгеге жетті

Соңғы үш жыл ішінде Батыс Қазақстан облысының бюджеті 634 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, өңір экономикасы негізгі салалар бойынша тұрақты өсімге қол жеткізді. Биыл да экономиканың өсу қарқыны сақталуда.

Атап айтқанда, құрылыс саласындағы жұмыстар көлемі 9%-ға (262,3 млрд теңге), тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 4,1%-ға, яғни 484,4 мың шаршы метрге артып, негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,2%-ға - 566,6 млрд теңгеге өсті, – деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар өңір басшысының айтуынша, ішкі сауда көлемі 0,7%-ға, көлік қызметтері 1,2%-ға, байланыс қызметтері 6,2%-ға, өнеркәсіп 3,6%-ға, ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 6,4%-ға артқан.

Өткен үш жылда жалпы өңірлік өнімнің көлемі 4,4 трлн теңгеден 4,7 трлн теңгеге немесе 6,5%-ға өсті. Облыс бюджеті 33,5% ұлғайып, 475 млрд теңгеден 634 млрд теңгеге жетті (өзіндік кірістер 239,0 млдр теңге, 37%).

Мемлекеттік бюджетке 1,6 трлн теңге түсті, оның ішінде 597 млрд теңге жергілікті бюджетке, ал 990 млрд теңге республикалық бюджетке бағытталды. Сонымен қатар, Ұлттық қорға 2,8 трлн теңге аударылды. Орташа айлық жалақы 316 мың теңгеден 369 теңгеге немесе 16,6 пайызға артты, – деді Нариман Төреғалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: istockphoto.com
Өзгелердің жаңалығы