Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыс жалғасуда

Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы жұмыстарға ТЖД, ЖАО 953 адамы, 411 техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Облыс бойынша 351 мың текше метр еріген қар суы сорылып, 21440 дана инертті материалдары бап қаптар төселді.

Барлығы 455 тұрғын үй, 5 көпқабатты тұрғын үйдің жертөле үй-жайлары, 17 әлеуметтік нысан су астында қалды.

Қорғаныс министрлігінің екі тікұшағы Қаратөбе ауданында құтқару жұмыстарына жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Қоржын ауылындағы ауылдық мектепке 350 адам эвакуацияланды. Ақсу кентінде 46 үйден 150 адам эвакуацияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы