Батыс Қазақстан облысында мұз жару жұмыстары аяқталды

Мұз кептелістеріне жол бермеу мақсатында, Батыс Қазақстан облыс аумағындағы өзендерде мұзды қопсыту және ұсақтауға бағытталған мұз жару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы құрылған комиссия Деркөл, Шаған, Шежін-1, Шежін-2, Шыңғырлау, Қайыңды, Өлеңті, Быковка және Рубежка өзендеріне барған.

Нәтижесінде 20 мыңнан астам шаршы метрде мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы