Батыс Қазақстан облысында еріген қар суы тас жолды шайып кетті
Тас жолды су басып қалуына байланысты жол көлік қозғалысына шектеу қойылды. Оқиға орнында құтқарушылар мен полицейлер кезекшілік етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Толассыз жауған жаңбыр мен күннің күрт жылынуы қардың қарқынды еруіне себеп болды. Жаңақала ауданы, Мәстексай ауылынан екі шақырым жерде орналасқан Чапаево – Жаңақала – Сайхын тас жолын еріген су басты. Судың ені 55 метр, тереңдігі 25 см.
Көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алайда айналма жолдар бар, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады Батыс Қазақстан Төтенше жағдайлар департаменті.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар, полиция және жергілікті әкімдік қызметкерлері кезекшілік етуде. Жол құрылыс компаниясы жолды нығайтуға кірісті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы