Батыс Қазақстан облысы жылыту маусымына 100% дайын

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Батыс Қазақстан облысы газ шаруашылығының күзгі-қысқы кезеңге дайындығын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО өндірістік филиалдары мамандарының сөзінше, объектілер жылыту маусымына 100% дайын.

Дайындық жұмыстарының шеңберінде 61 іс-шара, оның ішінде 56 газ реттегіш пункттерді (ГРП), 2955 шкафты ГРП және электрлік химиялық қорғау құралдарын, сондай-ақ 240 500 метр газ құбырын аспаптық тексеру жоспарланған.

Біздің жылыту маусымына дайындығымызға, алдағы күзгі-қысқы кезеңнің қалай өтететіндігі тікелей қатсты. Сол себепті қазір барлық өңірлерде газ объектілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша ауқымды жұмыс аяқталуға жақын. Бұл мәселені біз ерекше бақылауда ұстаймыз, -деді Санжар Жаркешов.

Бұдан бөлек филиалдың 30 газ тарату станцияларында (ГРС) жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары (ЖАЖ) орындалды. Объектілік желілерде магистральдық газ құбырлары мен 882 компрессорлық станциялар бөлігінде бекітпе арматураларға техникалық қызмет көрсету жүргізілді. Үш компрессорлық станцияларда бекітілген жоспарға сәйкес станцияларды тоқтату және цехтарды қосу тораптарының крандарын басқару батырмаларына сынақ жүргізу орындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: БҚО өндірістік филиалы
Өзгелердің жаңалығы