Батыс Қазақстан облысы Круглоозерное кентінің маңындағы өрт сөндірілді
30 маусымда сағат 15.08-де 101 пультіне Круглоозерное кентінің маңында Вишневая балка бау-бақша серіктестігінің ашық аумағында 10 га алаңда құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртті екі жақтан сөндірілді (Сарытау шағын ауданы және Вишневая балка серіктестігі).
ТЖ департаментінде өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдарды үйлестіру үшін жедел штаб құрылды.
Сағат 18:30-да өрт оқшауланып, сағат 18.49-да толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің басшылығы барды. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінен 83 адам мен 12 бірлік техника, орман шаруашылығынан 5 адам және 1 бірлік техника, ерікті өртке қарсы қызметтен 12 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды, - делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада "Мағжан" қойылымы сахналанады
Өзгелердің жаңалығы