23 Желтоқсан 2025 2025, 22:48
Фото: depositphotos.com
Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысында жол жабылды
"ҚазАвтоЖол" екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін, 23 желтоқсан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі:
Батыс Қазақстан облысы:
- "Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автомобиль жолының 393-526 шақырым аралығындағы учаскесі (Жымпиты ауылынан Барбастау ауылына дейін);
Ақтөбе облысы:
- "Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы" автомобиль жолының 526-702 шақырым аралығындағы учаскесі (Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін);
Жолды 2025 жылғы 24 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.