Батыс Қазақстанда жасөспірім Жайыққа батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 25 маусым күні Теректі ауданы Ақжайық ауылында болды. Сағат 15:45-те 15 жастағы жасөспірім ұл шомылуға жабдықталмаған жерден Жайыққа түсіп, батып кетті.
БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының іздеу тобы баланың денесін сағат 22:24-те судан тауып, шығарды.
Өңірде жыл басынан бері осымен 13 адам суға кетсе, соның төртеуі балалар болып отыр.
Соңғы күндері Батыс Қазақстанда күн қатты ысып кетті. Соған байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы