Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 6 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Орал-Атырау тасжолында жол апаты болғанын хабарлады. 

Ведомство хабарлағандай, оқиға орнында алты адам қаза болған.

Полиция департаменті Toyota және Лада маркалы көліктің соқтығысқанын мәлімдеді.


Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тапақ ауылының маңында болған.

Апат салдарынан 6 адам оқиға орнында қаза тапты, 1-еуі ауруханаға түсті. Лада көлігінде 5 адам болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деді ведомство өкілдері.


Зардап шеккендердің бірі Тайпақ аудандық ауруханасына жатқызылды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы