Батыс Қазақстан облысының тұрғындары сусыз және жарықсыз отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Батыс Қазақстан облысында 31 қаңтардан бастап ауа райының қолайсыздығы салдарынан бес аудан жарықсыз қалған. Бұл ақпаратты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады. 

Сондай-ақ, екі ауданда насостың күйіп кетуіне байланысты бірқатар ауылдардың сумен қамту жүйесі істен шықты.

Мәліметке сүйенсек, облыста сол аралықтан бері ауа температурасы +5 градустан -5 градусқа дейін төмендеп электр желілерінде мұз қатқан, сонымен қатар қар аралас жауын да электр жүйелерінің істен шығуына себеп болған. Қазіргі уақытта облыстың  – Байтерек, Жанғалы, Тасқала, Теректі аудандары жарықсыз отыр. Ал электр қуатынсыз  қалған тағы бір аудан – Шыңғырлауға жарық жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10.30-да берілді. Өзге аударда электр желлілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар облыстың – Тасқала және Бөкейорда аудандарында сумен қамту жүйелері да істен шыққан болатын. 2 ақпан күні таңғы сағат 11.00 шамасында Тасқала ауданының Мереке ауылы маңында су насосы күйіп кеткен. Бүгін жергілікті уақыт бойынша түскі сағат 12 30-да жөндеу жұмыстары аяқталып, ауылдарға су берілді. Ал Бөкейордасы ауданының Кеңой аулының маңында тағы бір насос күйіп кетті. Нәтижесінде Ұялы, Саржалаң, Кеңой ауылдары сусыз қалды. Қазір істен шыққан насостарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл тұрғындары ортақ құдықтағы сумен қамтамасыз етіліп отыр, - деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, баспасөз қызметі түскі сағат 15.00-дегі жағдай бойынша қай аудан мен елді мекеннің қанша абоненті мен әлеуметтік нысаны су және жарықсыз отырғаны туралы мәлімет келтірді:

Электрмен жабдықтау бойынша:

1) Жаңақала ауданы-жоқ:  Плантация кенті (27 абонент);

2) Тасқала ауданы 7 елді мекен:  Кенжайлау кенті (20 абонент), Аққұтыр кенті (13 абонент, оның ішінде: 1 әлеуметтік. нысан), Қызылбас кенті (4 абонент), Достық кенті (168 абонент, оның ішінде: 6 әлеуметтік. ), Бастау кенті (26 абонент, оның ішінде: 2 соц. ), Ынтымақ кенті (40 абонент, оның ішінде: 3 соц. ), Кисықсай кенті (4 абонент);

3) Теректі ауданы 3 елді мекен: Приречный кенті (189 абонент, оның ішінде: 4 соц. (165 абонент, оның ішінде: 3 соц. Долинный кенті (287 абонент, оның ішінде 3 әлеуметтік объектінің);

4) Бәйтерек ауданы 8 елді мекен: Погадаев кенті (946 абонент, оның ішінде: 4 әлеуметтік), Котельниково кенті (235 абонент, оның ішінде: 3 соц. (19 абонент), Чапурино (7 абонент), Красново (352 абонент), Шалгай (222 абонент, оның ішінде 4 әлеуметтік.Таловая кенті (7 абонент) және Карпово кенті (11 абонент);

Сумен жабдықтауды ажырату бойынша:

1) Бөкей ордасы ауданы 3 елді мекен: Ұялы ауылы (227 абонент және 3 әлеуметтік), Саралжын кенті (267 абонент және 3 әлеуметтік. және Кеной кенті (22 абонент)

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы