Батыс Қазақстан облысында 9 мектептің құрылысы жүруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 9 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Оның ішінде 2 мектеп республикалық бюджеттен берілетін субвенция есебінен, 5 мектеп «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында, 2 мектеп жеке инвестициялар есебінен салынуда.

Салынып жатқан 9 білім беру нысанының 4-еуі облыс орталығында, 5-еуі облыс аудандарына тиесілі.

Аталған білім беру нысандарының құрылысы мектептерде үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге және апатты жағдайдағы мектептерді жоюға, сол арқылы өскелең ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы басымдықты іске асыру мақсатында салынған мектептер жаңа заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы