Батыс елдерінің санкциясына қатысты еліміздің ұстанымы қандай?
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресейге батыс елдері салған санкцияны еліміз қалай сақтап жатқаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз батыс елдерінің санкциясын бұзбаймыз. Еліміздің аумағы мен компанияларды санкцияларды айналып өту үшін пайдалануға жол бермейміз. Бұл – Қазақстанның нақты ұстанымы, - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда берген сұхбатында.
Оның айтуынша, осыған байланысты еліміздің ұстанымын Мемлекет басшысы да, Сыртқы істер министрлігі де бірнеше мәрте айтқан.
Біз осы ұстаным аясында жұмыс істеуді әрі қарай жалғастырамыз. Бәрінен бұрын, біз ұлттық мүддемізге жауап беретін сыртқы саясатта қадам жасаймыз. Мемлекетіміздің ұлттық мүддемізге қатысты маңызды мәселелерді ескере отырып, біз сәйкес бастамаларды алға тартып, сәйкес саясатты жүргіземіз, - деді Сенат төрағасы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәулен Әшімбаев сенаторлардың Президенттің туған күніне қандай сый жасағаны туралы айтқан болатын.