Батыс Қазақстанда тіркелген науқастар Ресейден келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Науқастардың бірі 22 жастағы Батыс Қазақстан облысының, екіншісі 23 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Екі науқас та Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын бұған дейін коронавирус инфекциясы анықталған азаматпен бірге келген. Азаматтар байланыста болған адамдар ретінде анықталып, карантиндік стационарда оқшауланған.
    
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 2 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта пациенттер облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда, – делінген хабарламада.

17.04.2020 жылғы жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 32 адам анықталды, 2 адам жазылып шықты.
 
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында – 30 адам, провизорлық стационарда – 148, карантиндік стационарда – 81, үй карантинінде – 1396 адам дәрігерлердің бақылауына алынған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы