Батыс Қазақстанда қағаз қаптамалар жасайтын кәсіпорын ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрік инвесторлары Орал қаласында қатты қағаз гофрокартоннан қаптамалар жасайтын кәсіпорын ашпақшы. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Әкімдіктен хабарлағандай, аймақта өнімнің бұл түріне зәру тауар өндіруші кәсіпорындар өте көп. Бірақ қағаз қаптамаларын шығаратын бірде-бір зауыт жоқ. Сондықтан, олар қазір мұндай өнімді өзге елдерден импорттауға мәжбүр.Жалпы қанша жаңа жұмыс орны ашылатыны жобаның өндірістік қуатының көлеміне байланысты болмақ. Әзірге белгілі болғандай инвесторлар қағаз қаптама өндіретін зауыт ашу үшін алдағы бес жылда 40 млн доллар инвестициялауды көздеп отыр
Біз 5 жылда бұл қағаздарды шығара алмаймыз. Сол қаптаманы бастау үшін инвесторлар Түркиядан алып келеді. Бірақ біртіндеп кезең-кезеңімен бүкіл қағазды бізде шығаруға болады. Сондықтан бұл жобаны біз инвестициялық, стратегиялық жоба ретінде қарастырып отырмыз, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы