Батырлардың есімі ешқашан ұмытылмайды – Ерлан Қарин
Бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қатысуымен Қазақстан әуе қорғанысы күштерінің Талдықорғандағы авиабазасына Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің атын беруге арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен отырысында әйгілі ұшқыштың есімін жұрт жадында жаңғырту үшін авиабазаны оның атымен атауды ұсынған болатын.
Сергей Луганский соғыс жылдары 390 рет әуеге көтеріліп, жеке өзі жаудың 37 ұшағын, ал топтық шайқаста 6 ұшақты атып түсірді. Ол әскерге Алматыдан аттанып, запасқа шыққан соң осында қайта оралды. Сондықтан Сергей Луганскийдің есімі берілген авиабаза оның туған қаласының аспанына қорған болады. Мұның символдық мәні бар. Қазақстанда батырлардың есімі ешқашан ұмытылмайды. Бүгінгі іс-шара – соның айқын дәлелі, – деді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда Жеңіс күні тойланды
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы