Батыр Жүкембаевтың қарсыласы ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) өзіне тиесілі WBA Continental Americas пен IBF Inter-Continental белбеулері сарапқа салынатын шайқаста еншісінде 22 жеңісі бар боксшымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін 25 қаңтар күні Монреалда (Канада) өткізеді.

Бастапқыда оның қарсыласы IBF Latino чемпионы, аргентиналық Максимилиано Рикардо Верон (12-3-1, 4КО) болады деп жоспарланды, алайда бұл боксшы канадалық визаны ала алмады. Канадалық БАҚ ақпараты бойынша, оның орнына Батырға қарсы рингке 27 жасар мексикалық Рикардо Лара (22-7, 10 KO) шығады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда мал басы артты
Өзгелердің жаңалығы