Батыр Жүкембаев мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) жеңді. 

Олардың жекпе-жегі Канаданың Монреал қаласындағы Montreal Casino аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. 

10 раундқа есептелген кездесу екінші раундта аяқталды. Жүкембаев қарсыласын екінші раундта нокдаунға екі рет жіберді. Лара бірінші нокдауннан тұра алса, екіншісінде өз-өзіне келе алмай, төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Қазақстандық спортшы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдарын алғаш рет қорғауы тиіс еді. Алайда жекпе-жекте белбеулер сарапқа салынған жоқ.

Сонымен қатар, басында қазақстандыққа қарсы Максимилиано Рикардо Верон (12-3-1, 4 КО) шығуы тиіс еді, бірақ Аргентина азаматында канадалық виза алу мәселесі туындады.

Батыр Жүкембаев үшін бұл 18 жеңіс болды. Әлі ұтылып көрмеген ол 14 қарсыласын нокаутпен жеңген. Лара болса, 10-шы рет жеңіліс тапты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы