Батыр Асқар Забикулиннің отбасына білім гранттары бөлінді

Ғылым және жоғары білім министрлігі адамдардың өмірін құтқарып, өзі көз жұмған Асқар Забикулиннің отбасына отбасына білім гранттары бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта екі отандық ЖОО грант беруге дайын екенін білдірді. 

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Асқар Забикулиннің балаларына орта мектепті бітіргеннен кейін кез келген бакалавриат мамандықтарында ЖОО грантында оқуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ Асқар Забикулиннің балалары 2023 жылы жазда университеттің жатақханасында тұрып, IT-лагерьге және жазғы тілдік мектепке қатыса алады. Сонымен қатар, әйелі Анель Забикулина үшін «Адам ресурстарын басқару» мамандығы бойынша МВА-да оқуға грант бөлінді.

Батырдың әйелі Анель Забикулинаның МВА бағдарламасында оқуға толық грантын AlmaU да бөлді. Ол грантты 2023-2026 жылдары қолдана алады. 

Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес Арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің балаларының өтініші негізінде оларға конкурстан тыс білім беру гранты беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы