«Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери теңізшілер «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуы барысында Каспий теңізінде тапсырмаларды орындауда.
Каспий теңізінің қазақстандық секторында өтіп жатқан маневрлерге Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдері тартылды.
Осыған байланысты әскери теңізшілер теңіздегі экономикалық қызмет объектілерін күзетуді және қорғауды жүзеге асырады.
Аталған іс-шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою туралы тапсырмаларын іске асыру барысында «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде өткізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутат Ұйғыр ауданының атауын өзгертуді ұсынды
Өзгелердің жаңалығы