5 Маусым 2021 2021, 07:50

Батуттық гимнастикадан ел құрамасы әлем кубогі кезеңінде финалға өтпеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда батуттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтті. Olympic.kz қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда батуттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтті. Olympic.kz қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады.

Брешия қаласында басталған додада ел құрама сапынан Данил Мұсабаев пен Роман Барков қатысты.  Жарыс нәтижесі бойынша Данил 13, Роман 17-орыннан көрініп, финалға шыға алмады.

Бұл байрақты бәсекеде 20 елден 43 атлет бақ сынады.

Айта кетерлігі, әлем кубогінің кезекті кезеңі 6 маусымға дейін жалғасады

.