Батутты гимнастикадан Қазақстан командасы Германиядағы әлем кубогінде сынға түседі

Батутты гимнастикадан Қазақстан командасы Германияның Котбус қаласында өтетін әлем кубогі кезеңіне қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған әлем кубогі Париж Олимпиадасына ұпай жинауға мүмкіндік береді.

Әлем кубогі кезеңіне Қазақстан атынан Данил Мусабаев, Пирмаммад Алиев, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Никита Тумаков қатысады.

2024 жылы әлем кубогіның алғашқы кезеңі ақпан айында Әзірбайжанда өткен болатын. Бакуде Данил Мусабаев пен Пирмаммад Алиев жұптық сында күміс медаль иеленді.

Әлем кубогінің шешуші кезеңдері маусым айында Швейцарияда және шілдеде Португалияда өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы