Баталов праймеризде дауыс берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін өңір басшысы Амандық Баталов «Nur Otan» партиясының партияішілік сайлауында "Праймериз" ақпараттық жүйесі арқылы онлайн дауыс берді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кандидаттарға дауыс берген облыс әкімі Амандық Баталов партиялық праймеризмге қатысушы үміткерлерге дауыс беруге әрбір партия мүшесі белсенді қатысуы керек екенін атап өтті.
Ұлт Көшбасшысы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияның, ең алдымен, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған жұмысын жандандыру бойынша нақты міндеттер қойды. Жаңа форматта өтіп жатқан қазіргі сайлау бізге Елбасының және ел Президентінің тапсырмаларын орындай отырып, мемлекет пен оның мүддесі үшін пайдалы және тиімді жұмыс істейтін, қоғамның кең қолдауы мен белсенді азаматтық ұстанымы бар жауапты, озық және жігерлі азаматтарды таңдауымызға көмектесетініне сенімдімін. Сондықтан әр партия мүшесі дауыс беруге белсенді қатысуы керек, – деді облыс әкімі Амандық Баталов.Праймеризге Алматы облысынан 1047 үміткер қатысуда. Осы кезеңде партия мүшелерінің 79 пайызы аймақтағы кандидаттарға дауыс берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкент қаласының әкімі өз таңдауын жасады
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы