Баталов: Бейсеннің бейнесі биіктей береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бүгін белгілі журналист Бейсен Құранбектің шаңырағына барып, отбасын «Парламент сөзі» сыйлығының табысталуымен құттықтады.

Амандық Баталов Бейсеннің жары Гүлмира Қадырқызына гүл шоқтарын ұсынып,  тілегін білдірді.

Бейсен өзінің қысқа ғұмырында аққан жұлдыздай жарқ етіп, артына өшпес із қалдырып кетті. Бейсенді халық ешқашан ұмытпайды. Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Зайроллаұлының қолынан осындай үлкен марапат беріліп жатқаны соның көрінісі. Бейсеннің аты, атқарған ісі әлі жыл өткен сайын жаңғырып, биіктей береді. Асыл азаматтың жарқын бейнесі біздің жүрегімізде. Өздерің аман-есен болыңдар, ұрпақтары аман болсын! – деді Амандық Баталов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы