Басына кондиционер құлаған фельдшердің жағдайы белгілі болды
Астана қаласында жас жедел жәрдем фельдшері үйдің қасбеті опырылып, кондиционер үстіне құлап кеткеннен кейін ауыр жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкіметте өтіп жатқан баспасөз брифингінде Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкерінің жағдайы туралы айтты.
Мәліметке сәйкес, зардап шеккен маман қазір жансақтау бөлімінде жатыр және барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Ауруханаға түскен сәттен бастап шұғыл операция жасалды, реанимациялық шаралар жалғасып жатыр. Біз бар күшімізді салып жатырмыз. Басты мақсат – науқастың тезірек сауығып кетуі, – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов.
Министрлік деректеріне сәйкес, білікті мамандар тобы фельдшердің жағдайын тәулік бойы бақылап, жан-жақты медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Еске салайық, Астанада тұрғын үй кешенінің қасбеті құлап, салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Ал адамдарға көмек көрсетуге келген жедел жәрдем фельдшерінің басына кондиционер құлаған.