Басымды идім. Депутаттар Жолдауға қатысты пікірлерін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаттары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді.

Сенат депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Рысқали Әбдікеров Жолдаудағы жемқорлыққа қарсы күрес туралы бастамасын ерекше қолдайтынын айтты.

Жолдауда Мемлекет басшысының жемқорлыққа қарсы айтылған сөзіне басымды идім. Себебі жылдың соңына дейін жемқорлыққа қарсы үлкен бағдарлама қабылданады. Оның барлығы талқылаудан өтеді деп ойлаймын. Бүгін айтылған іс-шараларды іске асыру үшін қажетті заңдарды тез арада әзірлеу депутаттық корпустың басты мақсатының бірі деп санаймын, - деді Әбдікеров.

Ал Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Жолдаудың бастамалары мемлекеттің бір жылдық стратегиялық саясаты екенін айтты.

Сондықтан оны орындау міндет болып есептеледі. Үкімет оны орындаушы болса, Парламент соның заңдық негізін жасаушы болып саналады. Біз Жолдаудағы заңдық базалық нормативтік-құқықтық актілерді Сенат пен Мәжіліс депутаттары қолдап, заңдық тұрғыда бекітіп беруге дайын деп ойлаймын, - деді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы